Аса жеңіл салмақта Әділет Құрметов украин Игорь Сопинскийден басым түсті -13:12.
56 келіде Әділет Әділжанов чех Виктор Агателжанды 20:8 есебімен ұтты.
69 келіде Айтжан Шілеев ирандық Салара Тахмасби Мохаммадты 14:4 есебімен оңай жеңді. Бір қызығы Айтжан енді келесі кезеңде Моңғолия құрамасындағы қазақ Ерған Қуатұлымен жұдырықтасады.
75 келіде Дәулет Байғабатов Вадер Аладавиді еліне қайтарды. Кездесу екінші раундта тоқтатылды, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.
Басты сөздер: Спорт