91 келіде жарысқа қатысып жатқан Левит ширек финалда поляк Влодимирерц Летрді ұтты — 14:11. Ал жартылай финалда ресейлік Дмитрий Зайцевтен басым түсті — 12:11. Левит енді финалда Белоруссия боксшысы Сергей Корнеевпен алтынға таласады.
Ал 49 келідегі Азат Қамзин жартылай финалда ресейлік қарсыласы Дмитрий Гуляевті жеңіп, финалға жолдама алған — 14:7. Алайда финалда моңғолиялық Ган Эрден Ганкуяннан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.
Қыздар арасындағы 51 келіде шаршы алаңға шыққан Рано Фархатова жартылай финалда ресейлік Виктория Кулешовадан жеңіліп қалды — 6:12. Ал 60 келідегі Гүлжайна Үббіниязова қола жүлде жеңіп алды.
75 келіде Марина Вольнова ресейлік Валентина Михайлинаны жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.