Виктор Богатыров жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бұл жолы Италия құрамысынан 2:1 есебімен басым түсті. Бұған дейін олар хорваттарды 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, тек алғашқы ойында польяктарға 3:6 есебімен есе жіберген еді. Енді келесі ойындарын 16 желтоқсанда Украина мен Ұлыбритания командаларымен өткізеді.
Былтыр Польшаның Тыхы қаласында 12-18 желтоқсанда өткен Әлем чемпионатында олар жапондарды 2:1, поляктарды 2:0, хорваттарды 4:3 есебімен ұтып, француздарға 1:2, итальяндықтарға 0:1 боп ұтылған болатын. Соның нәтижесінде 12 ұпай жинаған француздар «А» тобына берілетін жолдаманы қоржындарына салып, Қазақстан 10 ұпаймен екінші, Италья 8 ұпаймен үшінші, Польша 7 ұпаймен төртінші, Хорватия 6 ұпаймен бесінші, ал Жапония 2 ұпаймен алтыншы орынды қанағат тұтқан болатын.