Оралдың «Ақжайығы» 0:3 есебімен жеңіліп тұрып, есепті теңестіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдың «Ақжайығы» 0:3 есебімен жеңіліп тұрып, есепті теңестіріп кетті

Оралдың «Ақжайығы» 0:3 есебімен жеңіліп тұрып, есепті теңестіріп кетті

18 қазан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасын қабылдады.

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 329
Фото - Caravan.kz

Бұл ойын айдын иелері үшін оңайға түскен жоқ. Бірінші таймның 24-минутында қонақтардан Андрей Смирнов «Ақжайық» қақпасының кілтін тапса, 60-минутта Марат Юмангулов, 75-минутта Михаил Нижник есепті 3:0-ге жеткізді. Дегенмен оралдықтар өз айдынында ұтылып қалмау үшін барын салды. 78-минутта Нұрлан Оразғалиев мергендік танытса, арада екі минут өткенде тағы бір қазақ ойыншысы Самат Аманшин есепті қысқартты. 87-минутта Нұрлан Оразғалиев тағы да қонақтардың қақпасынан саңылау тауып, есепті 3:3-ке жеткізді. Сәлден кейін тартысты өткен ойын да аяқталды.

Бүгін, 19 желтоқсан күні аталған командалар екінші кездесуін өткізеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера