Бүгін Ұлттық лигадағы волейболшы қыздар ақтық ойындарын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Ұлттық лигадағы волейболшы қыздар ақтық ойындарын өткізеді

Бүгін Ұлттық лигадағы волейболшы қыздар ақтық ойындарын өткізеді

Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының 2-ші туры өтіп жатыр.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 264
Фото - Caravan.kz

Онда талдықорғандықтарды («Жетісу») өкшелеп келе жатқан астаналықтар әзірге ұпай айырмасын қысқарта алған жоқ. Қазір 6 ойынның қорытындысы бойынша «Жетісуда» — 17, «Астанада» — 12, «Ертіс-Қазхромда» (Павлодар) — 8, «Қарағандыда» — 6, «Алматыда» — 5 ұпай бар. Талдықорғандықтар бүгін қарағандылықтармен, ертең алматылықтармен, ал астаналықтар бүгін павлодарлықтармен, ертең қарағандылықтармен ақтық ойындарын өткізеді.

Бірде-бір ойында жеңіліс таппаған «Жетісу» турнир кестесіндегі көшбасшылық тізгінде ешкімге берер емес. Екі турда да оларға есе жіберген астаналықтар болса екінші орынды қанағат тұтуда. Ал қоржынына бұл жолы бірде-бір ұпай қоса алмаған алматылықтар өз орнын қарағандылықтарға босатып, турнир кестесінде соңғы сатыға түсіп қалды.