Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы бас жаттықтырушысыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы бас жаттықтырушысыз қалды

Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы бас жаттықтырушысыз қалды

Қызылорданың «Қайсар» командасының бас жаттықтырушысы Владимир Никитенко «Ақтөбе» командасына ауысып кетті.

  • 26 Желтоқсан 2012
  • 352
Фото - Caravan.kz

Ұжымды былтырғы маусымда премьер-лигада сақтап қалған бапкер Сыр бойынан кетуге мәжбүр болды.

Белгілі маман мұны екі түрлі себеппен түсіндірді. Біріншіден, онымен жасалған келісімшарт желтоқсан айында аяқталған. Екіншіден, команданың қаржылық жағдайы әлі де шешілмеген күйінде тұр. Осы жағдайға байланысты В.Никитенко келісішратты созбауға шешім қабылдаған. Бұған осы тұста «Ақтөбеден» келіп түскен ұсыныс та өзінің ықпалын жасады.

«Қайсардың» ахуалы қазір шынында да ауыр. Команда осы уақытқа дейін ойыншыларымен биылғы жыл үшін толық есеп айырысып біткен жоқ. Оны ұстап тұру үшін қажетті 7-8 млн. доллар қаражатты тауып беру облыс басшылығына қиынға түсіп отыр. Мұны облыс әкімі журналистермен болған кездесу кезінде өзі де мойындады. Осылайша жылдағы проблема тағы да алдан шықты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера