Аталмыш рейтингті жасаған Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) екінші орынды «Реалдың» форварды Криштиану Роналдуға беріп отыр. «Атлетико» шабуылшысы Радамель Фалькао үшінші орын иеленді.
Еске сала кетейік, ұлттық құрамалар деңгейінде де Месси 2012 жылдың үздік шабуылшысы атанды. «Алтын доптың» үш дүркін иегері биыл қарсыластар қақпасын 12 рет дәл көздеген. Екінші орын еншілеген Златан Ибрагимович Швеция құрамасы сапында 11 доп соққан.