Футболдан Қазақстан чемпионатында командалар саны қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан Қазақстан чемпионатында командалар саны қысқарды

Футболдан Қазақстан чемпионатында командалар саны қысқарды

2013 жылы футболдан Қазақстан чемпионатына 12 команда қатысады.

  • 3 Қаңтар 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

Мұндай шешім 2 қаңтар күні Алматыда өткен Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.

ҚФФ-тың сайтында мәлім етілгендей, бекітілген клубтар тізімінде «Шахтер» (Қарағанды), «Ертіс» (Павлодар), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Тараз» (Тараз), «Астана» (Астана), «Тобыл» (Қостанай), «Ордабасы» (Шымкент), «Ақжайық» (Орал), «Қайрат» (Алматы), «Атырау» (Атырау), «Жетісу» (Талдықорған) и «Шығыс» (Өскемен) бар.

Осылайша, өткен маусыммен салыстырғанда қатысушы командалардың саны екі командаға қысқарды. Биыл үздік атануға «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қайсар» (Қызылорда) бақ таластыра алмайды.

ҚФФ-тан атап өткендей, «Қайсар» қатысушылардың тізімінен «Атқарушы комитеттің ережелерін орындамауы» себепті алынып тасталды. Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманның айтуынша, қызылордалық клубтың басшылығы чемпионатқа қатысуға қаржылық кепілдемелерді ұсынбады және ағымдағы қарызын өтемеді.

Ал «Оқжетпес» командасының қатыспауы туралы Қазақстан футбол федерациясының сайтында ештеңе айтылмады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера