Аталмыш футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлауынша, аталмыш жиын барысында «Ақжайық» төрт жолдастық кездесу өткізеді. Таяу күндері команда тізгінін ұстайтын бас бапкердің есімі белгілі болады. Оралдағы жиында болған Қанат Әлиев пен Константин Зотов командаға алынған жоқ.
Қазіргі кезде камерундық Саджо Хаманнан басқаларының барлығы — Орал футболының түлектері. Командаға тағы бес легионер алу көзделуде.
Жиырма шақты күн жиын өткізгеннен кейін команда Оралға қайтып келеді. Ақ Жайықта аз уақыт тыныстағаннан кейін екінші жиынға қайта кетеді.