Қазақстандық Алексей Полторанин «Тур де Скиде» екі кезеңде қатарынан жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Алексей Полторанин «Тур де Скиде» екі кезеңде қатарынан жеңіске жетті

Қазақстандық Алексей Полторанин «Тур де Скиде» екі кезеңде қатарынан жеңіске жетті

Қазақстандық Алексей Полторанин шаңғы жарысынан әлем кубогының сегізінші кезеңі ауқымында итальяндық Валь-ди-Фьемммеде өтіп жатқан «Тур де Ски» көпкүндігінің алтыншы кезеңінде жеңімпаз атанды.

  • 6 Қаңтар 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz хабарлауынша, риддерлік 25 жастағы шаңғышы мәре сызығы алдында канадалық спортшы Лен Валжастан жеңісті жұлып алып кетті. Үшінші орында тағы бір канадалық Алекс Харвей.

Жалпы есепте Полторанин чех Лукаш Бауэрден озып, бесінші орынға көтерілді. Жарыс көшбасшылары ресейлік Алексей Легков болды, бірақ та техникалық комитет оған 15 секундтық айып салғаннан кейін жаңа көшбасшы швейцарлық Дарио Колонья болды.

Бүгін Валь-ди-Фьеммеде «Тур ди Скидің» финалдық кезеңі өтеді, онда шаңғышылар тоғыз шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс.

Еске сала кетейік, Полторанин «Тур ди Ски» көпкүндігінің итальяндық Тоблахта өткен бесінші кезеңінің де жеңімпазы болған еді.

Шаңғы жарысы. «Тур ди Ски». Валь-ди-Фьемме (Италия)

Ерлер. 6-кезең.. Масс-старт, 15 шақырым:

1. Алексей Полторанин (Қазақстан) — 39:01,5;

2. Лен Валжас (Норвегия) +0,1;

3. Алекс Харвей (Норвегия) +0,4;

49. Евгений Величко (Қазақстан) +1:55,6;

53. Ердос Ахмадиев (Қазақстан) +2:16,7;

64. Геннадий Матвиенко (Қазақстан) +3:32,7;

66. Александр Малышев (Қазақстан) +5:15,1;

Николай Чеботько (Қазақстан) — DNS.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера