«Астана» Africa Eco Race-2013 кезеңінде алтыншы рет жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» Africa Eco Race-2013 кезеңінде алтыншы рет жеңіске жетті

«Астана» Africa Eco Race-2013 кезеңінде алтыншы рет жеңіске жетті

MEBAR М440 автокөлігінің тізгінін ұстаған Қанат Шәгіров пен Александр Мороз қазақстандық экипажы Africa Eco Race-2013 ралли-рейдінің сегізінші кезеңінен кейін,

  • 7 Қаңтар 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz

Т2 жол талғамайтын көліктері санатындағы өздерінің көшбасшылықтарын бекіте түсті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Шәгіров пен Мороз Мавритания қаласы Акжужт бойынша қашықтықты 8 сағат 3 минут 57 секундта еңсеріп, барлық автокөліктер арасында 18-інші орын алды. «Астана» командасы Т2 санаты кезеңінде алтыншы рет жеңіске жетті.

BOWLER көлігінде өнер көрсететін қазақстандық өзге экипаж Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов кезекті кезеңді 21-інші орында аяқтады. Онымен бірге, қазақстандық командаға 4 сағаттық айыппұл салынды. Кезеңнің жеңімпазы дәстүрлі түрде 64 жастағы Лис Пустыни болды.

Автокөліктердің жалпы есебінде сенімді көшбасшылықты Sonangol Schlesser командасы сақтап тұр. Қазақстандық экипаждар Шәгіров-Мороз және Сазонов-Сахимов сәйкесінше 12-інші және 19-ыншы орындарға орналасты.

Еске салайық, Africa Eco Race-2013 ралли-рейді 2012 жылдың 27 желтоқсаны күні француздық қала Сен-Сиприенде басталды, онда бірінші кезекте көліктердің техникалық аттестациясы өтті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера