Africa Eco Race-2013-тің соңғы кезеңдерінің бірі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Africa Eco Race-2013-тің соңғы кезеңдерінің бірі өтті

Africa Eco Race-2013-тің соңғы кезеңдерінің бірі өтті

Африкада Africa Eco Race-2013-тің соңғы кезеңдерінің бірі өтті.

  • 9 Қаңтар 2013
  • 415
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz хабарлағандай, экипаждар Тенадиден (Мавритания) Кобаға (Сенегал) дейінгі 648 шақырымды еңсеруі тиіс болды.

Ралли-рейдтің оныншы кезеңінің жеңімпазы Raid Lynx командасының экипажы Йоост ван Каувенберге және Жак Кастелейн болды.

Қазақстандық BOWLER жол талғамайтын көлігінің тізгінін ұстаған Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов барлық көліктер арасында 14-інші нәтижені көрсетті.

Қанат Шәгіров пен Александр Мороз басқарған «Астана» командасының екінші экипажы мәреге 16-ыншы болып жетті. Айта кетейік, қазақстандық көлік Т2 санатында кезекті рет бірінші болып келді.

10-ші кезеңнің нәтижесі бойынша санаттар бойынша бірінші орындар:
T1 — Каувенберге / Кастелейн (Raid Lynx);
T2 — Шәгіров / Мороз (Astana);
T4 — Шибалов / Яковлев / Сотников («КАМАЗ-мастер»).

Ал барлық кезеңдер бойынша автокөліктердің жалпы есебінде Шәгіров пен Мороз 11-інші орынға орналасты. Олар рейтинг көшбасшысы «Шөлейт түлкісінен» 19 сағаттан астам уақыт артта.

Сазонов пен Сахимов жалпы есепте Sonangol Schlesser командасынан 30 сағатқа жуық уақыт артта қалып, 19-ыншы орынға тұрақтады. Онымен бірге, «Астана» командасында 12 сағаттық айып бар.

Africa Eco Race-2013 ралли-рейді 27 желтоқсан күні Францияның Сен-Сиприен қаласында басталды. Ралли-марафонға қатысушылар барлығы 11 кезеңнен өтулері тиіс. Мәре сызығы — 9 қаңтар күні Дакардың Алқызыл аралы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера