Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» екінші кездесуінде «Универсалға» жол берді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» екінші кездесуінде «Универсалға» жол берді

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» екінші кездесуінде «Универсалға» жол берді

Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» 9 қаңтар күні өз айдынында Саратовтың «Универсалымен» екінші кездесуін өткізді.

  • 9 Қаңтар 2013
  • 304
Фото - Caravan.kz

Бұл кездесуде оралдықтар 2:5 есебімен жеңіліс тапты. «Ақжайықтың» сапынан Петр Грибанов пен Максим Өтебалиев бір-бірден доп соқты. Қонақтардан Андрей Кабанов тағы да мергендік танытып, екі голдың авторы атанды (ол кешегі ойында «Ақжайықтың» қақпасына үш доп енгізген болатын). «Универсалдан» сондай-ақ Сергей Пантеев, Сергей Артеменко, Александр Силаев гол соғып, көзге түсті.

Екінші топта турнир кестесінде 17 ұпаймен әзірге төртінші орында келе жатқан «Ақжайық» келесі кездесулерін 12-13 қаңтарда Самара облысының «Динамосымен» өз айдынында өткізеді.