Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық биатлоншы жігіттер көрсеткіштерін жақсарта алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық биатлоншы жігіттер көрсеткіштерін жақсарта алмады

Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық биатлоншы жігіттер көрсеткіштерін жақсарта алмады

Кеше Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан Әлем кубогының 5-ші кезеңі барысында ерлер арасындағы эстафеталық жарыстар өтті.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 314
Фото - Caravan.kz

Онда қазақстандық спортшылар -Александр Шервинков, Ян Савицкий, Сергей Наумик пен Александр Трионов 26 команданың арасынан 19-шы орын алды.

Бұған дейін Германияның Оберхов қаласында өткен Әлем кубогының 4-ші кезеңінде А. Шервинков, Я. Савицкий, С. Наумик пен Д. Кенешов 24 команданың арасынан 17-ші орынға табан тіреген болатын.

Жігіттерге қарағанда бұл додада әйелдер құрамасы біршама сәтті өнер көрсетуде. Олар 4-ші кезеңдегі нәтижесін сақтап қалды. Атап айтқанда Елена Хрусталева, Дария Усанова, Алина Райкова мен Марина Лебедева командалық есепте 22 команданың арасында 12-ші орын иеленді. Ал Оберховта олар 18 команданың арасынан 12-ші сатыға тұрақтаған болатын.