«Астана» ФК шотландиялықтарды жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» ФК шотландиялықтарды жеңді

«Астана» ФК шотландиялықтарды жеңді

«Астана» футбол клубы Анталияда "Данди Юнайтед" шотландиялық клубының резервті құрамынан айласын асырып, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 289
Фото - Caravan.kz

Vesti.kz хабарлағандай, астаналық клубтың қатысуымен өткен жолдастық кездесу бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпей қалған болатын.

Ақыры өткен ойында елордалық футболшылар 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Гол авторлары Танат Нөсербаев пен Филип Ивановски болды.

«Астана» ойынды келесі құрамда өткізді: Эрич (Төлебаев), Горячий (Халезов), Дмитренко, Нұрдәулетов, Киров, Кояшевич (Қонысбаев), Шахметов, Коробкин, Кетевоама (Хайруллин), Остапенко (Ивановски), Нөсербаев (Гридин). Команданың жаттығу-жиыны 19 қаңтарға дейін жалғасады. Алдағы уақытта командада тағы бір матч жоспарланған.