Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері өзгерді

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері өзгерді

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Таңат Сағындықов тағайындалды.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 371
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда, Мұратбек Қасымхановты ауыстырған Таңат Өмірзақұлы бұл қызметті бұрын да атқарған. Нақты айтқанда, 1191-93 және 2006-09 жылдары.

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Т. Сағындықов жаттықтырушылық қызметті 1976 жылы бастаған болатын. Оның шәкірттерінің арасында Олимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, Әлем чемпионы Бақтияр Байсейітов, Азияның 2 дүркін чемпионы Марғұлан Әсембеков, Еуропа чемпионы Айваз Качиев, КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы Есенгелді Батырғарин және тағы басқа саңлақ балуандар бар. Ұлттық құрама 2013 жылғы алғашқы жиынын АҚШ-та өткізбек. Олар 20 қаңтарда АҚШ балуандарымен бірлескен жиын өткізу үшін Колородаға аттанғалы отыр. Ал 1-2 ақпанда Францияның Париж қаласында болатын Дейв Шульц турниріне қатысатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера