«Астана» жол талғамайтын көлігі «Дакар-2013» раллиінен шығарылып тасталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» жол талғамайтын көлігі «Дакар-2013» раллиінен шығарылып тасталды

«Астана» жол талғамайтын көлігі «Дакар-2013» раллиінен шығарылып тасталды

Айдын Рақымбаев және Ғабдолла Әшімовтың «Астана» экипажының жол талғамайтын көлігі - MEBAR M440 «Дакар-2013» ралли-марафонының жарыс жолынан алынды,

  • 16 Қаңтар 2013
  • 320
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Vesti.kz сайты. Жарысқа қатысуын қазақстандық өзге «жұп» — Бауыржан Исабаев пен Дмитрий Югай жалғастыруда.

Жарыстың тоғызыншы кезеңінде 410-шы нөмірлі қазақстандық көліктің артқы белдігі жұлынып қалды. Ақау жойылып, көлік жарысты жалғастырды. Бірақ оныншы кезеңнің сөресіне жеткен кезде ұйымдастырушылар көп уақытты жоғалтқандарын желеу етіп, Рақымбаев пен Әшімовты жарыс жолынан шығару шешімін қабылдады.

Кордобадан Ла-Риохаға дейін қашықтық 632 шақырымды құрады.

Бірінші болып мәреге BMW көлігінде аргентиналық Орландо Терранова жетті. «Астананың» басқа экипажы Исабаев пен Югай кезеңді 74-ші орында аяқтады. Олар жалпы есепте 52-шы орынға тұрақтады. Жалпы есепте ралли-марафонда қатарынан он рет жеңімпаз атанған французд Стефан Петерансель көш бастап келеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Дакар» ралли-марафоны 5-ші рет Оңтүстік Америкада өтуде. Қатысушылар 4 кезеңнен өтіп, жарысты Чили астанасы Сантьягода аяқтайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера