Доха қаласында болатын оқу-жаттығу шарасы 2 ақпанға дейiн созылады.
Бас бапкер ұлттық құрама сапына 13 спортшыны шақырыпты. Олар: Юрий Стулов (1980), Дмитрий Горбатков (1981), Антон Юдин (1982), Алексей Гутор (1984), Виталий Мироненко (1985), Әсет Базарқұлов (1987), Максим Мамедов (1987), Евгений Горчанюк (1987), Сергей Окунев (1990), Нәдiрхан Кәдiрханов (1991), Виталий Эрдштейн (1992), Олег Веригин (1992), Сергей Кузнецов (1993). Бұл ойыншылардың бәрi волейболдан былтыр ел чемпионы атанған «Алматы» клубының мүшесi.
Паршин ұлттық құраманың белдi ойыншының бiразын тiзiмнен сызып тастап, олардың орнына бiрнеше жасты қосыпты.
Биыл волейболдан ерлер арасында Азия чемпионаты Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнде 28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтедi, деп хабарлайды «Аламан» агенттігі.