Черногориялық Миодраг Радулович жаттықтыратын атыраулықтар мен португалиялық Нелу Вингада баптайтын даляндықтар бұл ойында 1:1 есебімен тең түсті. Қытайлық бұл команданың тізгінін 2011 жылы ұстаған Н.Вингада былтырдан бастап «Далянь Шиденің» өз футбол академиясының ойыншыларына арқа сүйеп жүр. Қазіргі таңда рейтингтегі 1058 клубтың арасында 1515-ші орында тұрған «Дальян Шиде» Қытай Суперлигасындағы 16 команданың арасында 14-ші орында келе жатыр.