Тараздық футболшылар Ливия Премьер-лигасы чемпионынан басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздық футболшылар Ливия Премьер-лигасы чемпионынан басым түсті

Тараздық футболшылар Ливия Премьер-лигасы чемпионынан басым түсті

Кеше «Тараз» футбол клубы Түркияның Анталия қаласындағы екінші оқу-жаттығу жиындары аясында Ливияның Триполи қаласының «Аль-Иттикат» командасымен спарринг-матч өткізді.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 344
Фото - Caravan.kz

Бұл ойын 1:0 есебімен сербиялық Любомир Петрович жаттықтыратын тараздықтардың жеңісімен аяқталды. Олардың бұл жолғы қарсыласы Ливия чемпионатының — 15, Суперкубоктың — 8, ал ел кубогының 6 дүркін чемпионы атанған ең әйгілі командасы болды.

Тараздықтар келесі спаринг-матчын енді 19 қаңтарда Хорватияның Бірінші лигасында ойнайтын Осиек қаласының «Осиек» командасымен өткізбек. Өткен маусымда ел чемпионатында 8-ші орын алған осиектіктерді Станко Мршич жаттықтырады. Олар Хорватия чемпионатында 1992, 1995, 1998, 2000, 2001, 2008 жылдары қола жүлдегері, 1999 жылы Кубок жеңімпазы, ал былтыр күміс жүлдегер атанған болатын.