Воскобоева К. Первактың ізімен Australian Open чемпионатының екінші айналымына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Воскобоева К. Первактың ізімен Australian Open чемпионатының екінші айналымына өтті

Воскобоева К. Первактың ізімен Australian Open чемпионатының екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Ксения Первактың ізімен Australian Open чемпионатының жұптық кездесуінде екінші айналымға өтті, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 277
Фото - Caravan.kz

Кездесудің бірінші сеті тай-брейкпен аяқталды: есеп 6:6 болғанда Галина Воскобоева Александра Пановамен бірге «қосымша» геймді жеңді — 7:3. Ойынның екінші бөлігінде де күштер тең болды, дегенмен, Мона Бартель мен Ализе Корненің (Германия/Франция) жолы болды. Есеп 4:6.

Үшінші сетте Воскобоева мен Панова қарсыластарымен біраз бақ таластырды, нәтижесінде ойынды 7:5 есебімен аяқтады.

Келесі айналымда Галина мен Александра румындық жұп — Ирина Кармелия Бегу мен Моника Никулеспен ойнайды.