«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, тартысты өткен матчта бұрыштамадан соң Николай Забродиннің баспен берген пасынан кейін қырғызстандық ойыншы Азамат Байматов жеңіс добын соқты.
Бұл ойында «Ақжайық» мынадай құрамда шықты Неманья Джоджо (Стас Покатилов, 80 мин.), Марко Джорджевич (Михаил Любимкин, 60 мин.), Бауыржан Омаров, Азамат Байматов (Владимир Покатилов), Руслан Қайыров, Сергей Кондратьев, Сергей Шевцов (Айбек Ғұбайдуллин, 65 мин.), Иван Антипов (Ринат Қасымгереев, 55 мин.), Николай Забродин (Эльдар Абдрахманов, 46 мин.), Алексей Мальцев, Хаман Саджо (Андрей Арбеков, 65 мин.).
Бұл — «Ақжайықтың» екінші спарринг-кездесуі. 19 және 20 қаңтар күндері оралдықтар мәскеулік «Динамо» мен «Спартак» командаларының қосалқы құрамымен күш сынасады.