Футбол: Ресей - Қазақстан 7:3 - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Ресей - Қазақстан 7:3

Футбол: Ресей - Қазақстан 7:3

- Бүгін Ресейдің Санкт- Петербор қаласында футболдан 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасындағы "Достастық кубогы" турнирінің "А" және "В" тобындағы командалардың топтық сайыстары аяқталды.

  • 22 Қаңтар 2013
  • 268
Фото - Caravan.kz

Онда «В» тобында Қырғызстан мен Өзбекстан құрамалары 2:2 есебімен тең түссе, Ресей мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын 7:3 болып аяқталды. Бұған дейін Сергей Боровский жаттықтыратын қазақстандықтар өзбектерге 0:1 болып жеңілгенімен, қырғыздарды 3:1 есебімен ұтқан болатын. Ресейліктер өзбектермен 2:2, қырғыздармен 0:0 есебімен тең түссе, қырғыздар орыстармен 0:0, өзбектермен 2:2 есебімен тең түсті.

Сейсенбіде енді «С» тобындағы командалардың ақтық ойыны өтеді. Ал сәрсенбіде 1/8 финалдық ойындар басталады.