Владимир Чебурин жаттықтыратын көкшетаулық аяқдопшылар бұған дейін «Пахтокордың» қосалқы құрамын 4:0, 2:1 есебімен жеңген болатын. Көкшетаулықтардың 8 қаңтарда басталған жиыны 25 қаңтарға дейін созылмақ.
Жаңа маусымда Бірінші лигада өнер көрсететін «Оқжетпес» ел чемпионатының бірінші турын 31 наурызда сырт алаңда Қаратаудың «Лашын» командасымен өткізбек. Екінші турды да сырт алаңда, 3 сәуір күні Шымкентте «Биік» командасымен өткізеді.