Түркияда «Тараз» футболшылары македониялық «Тетекспен» тең түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда «Тараз» футболшылары македониялық «Тетекспен» тең түсті

Түркияда «Тараз» футболшылары македониялық «Тетекспен» тең түсті

Түркияның Анталия қаласындағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны шеңберінде "Тараз" футбол командасы кеше соңғы спаррингтік кездесуін өткізді.

  • 22 Қаңтар 2013
  • 401
Фото - Caravan.kz

Тараздықтар Македонияның «Тетекс» командасымен 0:0 есебімен тең түсті. Мұның алдында 20 қаңтар күні Хорватияның «Осиек» командасына 0:2 болып жеңіліп, 16 қаңтарда Ливияның «Аль-Иттикат» командасын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Сондай-ақ 13 қаңтарда алғашқы спаррингте Түркияның «Арсинспор» командасына 1:2 есебімен есе жіберген еді.

Ертең елге оралатын тараздықтар бірнеше күн тынығып, Түркияға қайта оралады. Олар 27 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Белек қаласында шет елдегі екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Онда 30 қаңтар мен 3, 6, 9 ақпан күндері төрт спаррингтік кездесу өткізеді. Команданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың әзірге үш қарсыласы белгілі болып отыр. Олар — «Волга», «Рад» және «Раднички» футбол командалары.