«Ақтөбе» мен «Нефтчи» футбол командаларының кездесуі 2:3 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақтөбе» мен «Нефтчи» футбол командаларының кездесуі 2:3 есебімен аяқталды

«Ақтөбе» мен «Нефтчи» футбол командаларының кездесуі 2:3 есебімен аяқталды

Бүгін «Ақтөбе» футбол клубы Түркияның Анталия қаласындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

  • 22 Қаңтар 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz

Кеше олар соңғы спаррингтік кездесуде Әзірбайжанның Баку қаласының «Нефтчи» командасына 2:3 есебімен ұтылған болатын. Онда ақтөбеліктер сапынан сынақта жүрген қосалқы құрамның ойыншылары Евгений Дяденко мен Александр Вольф көзге түсті.

Жалпы, 7 қаңтар күні басталған бұл жиында олар 10 қаңтар күні алғашқы спаррингте Түркияның Бірінші лигасында 2-ші орында келе жатқан «Кайсери Эрсиесспор» командасына 2:3 болып ұтылған еді. 13 қаңтар күні Түркияның екінші лигасында өнер көрсететін «Мурат-паша Беледияспормен» тең түсіп (1:1), Германияның Екінші Бундеслигасындағы «Бохум1848» командасына (0:2) есе жіберді. Ал 16 қаңтар күні агент Валерий Решетнев істерін жүргізетін футболшылардан құралған «Goal Management Group» командасына 0:2 және Екінші Бундеслигадағы тағы бір неміс клубы «Динамоға» 3:1 есебімен жеңілді. Ал 19 қаңтар күні Молдованың «Рапид» командасымен 0:0 болып тарасқан еді.