Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын 10 теннисші белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын 10 теннисші белгілі болды

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын 10 теннисші белгілі болды

Елордалық 2 спортшы ағымдағы жылы үстел теннисінен өтетін әлем чемпионатына қатысатын болды,

  • 22 Қаңтар 2013
  • 320
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, кеше Алматыда үстел теннисінен біліктілік турнирі өтіп, онда әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама сапы жасақталған.

Құрама сапына турнирде алғашқы 5 орынға табан тіреген спортшылар іріктеп алынған. Жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан әйелдер мен мен ерлер арасында 16 қатысушыдан сынға түскен.

Ерлер арасында 16 жастағы астаналық Кирилл Герасименко барлық 15 кездесуде жеңіске жетіп, 30 ұпай еншіледі. Ал екінші орынға шығысқазақстандық Денис Желудев, үшінші орынға алматылық Самат Бейсенов табан тіресе, соңғы екі орынды қостанайлық Гаиб Данияров пен алматылық Тимур Келбұғанов бөлісті.

Қыздар арасында батысқазақстандық Наталья Сладкова бірінші орынды иеленсе, одан кейінгі сатыға қарағандылық Юлия Гац жайғасты. Үздік үштікті батысқазақстандық Гүлмира Хусейнова қорытындылады. Сондай-ақ үздік бестікке астаналық Анастасия Лаврова мен қарағандылық Юлия Рябова кірді.

Осы он теннисші 13 мамырда Парижде басталатын әлем чемпионатына дайындалатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера