Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасының сағын сындырды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасының сағын сындырды

Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасының сағын сындырды

22 қаңтар күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасын қабылдады.

  • 23 Қаңтар 2013
  • 359
Фото - Caravan.kz

Ойынның 22-минутта «Ақжайықтан» Дмитрий Пономаренко есеп ашқанмен, қалған голдар екінші таймда соғылды. Оралдықтардан Сұлтан Қадыржанов, Самат Аманшин және Петр Грибанов екі мәрте мергендік танытса, қонақтардан Дмитрий Полынский мен Дмитрий Харитонов қос доппен жауап қайырды. Сөйтіп «Ақжайық» 5:2 есебімен кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Қоржынындағы ұпай қоры (32) молая түскен «Ақжайық» 23 қаңтар күні «СКА-Свердловск» командасымен қайта айдынға шығады.