Қанша ойыншы 2014 жылғы Еуропа чемпионатына барады? - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қанша ойыншы 2014 жылғы Еуропа чемпионатына  барады?

Қанша ойыншы 2014 жылғы Еуропа чемпионатына барады?

Жақында ғана Қазақстанның футзал бойынша құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалған бразилиялық маман («Қайраттың» бас бапкері) Жоао Карлос Барбоза 2014 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына дайындық ретінде өтіп жатқан Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарына 19 ойыншы шақырды.

  • 23 Қаңтар 2013
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бұл жарыс Латвияда өтеді, және біздің құрамамыздың штабына бұл тізімнен үздік 14 ойыншыны іріктеп алу міндеті тұр, деп жазады бүгін «Казахстанская правда» газетінде шыққан «Новый тренер созывает сборную» атты мақалада тілші Юрий Макаров.

Ал әзірше Алматыда оқу-жаттығу жиындары өтуде. Оған шақырту алған ойыншылар тізімі: қақпашылар Виталий Халявин мен Ғалымжан Қосмұхамбетов («Қайрат»), Григорий Шамро («БТА-Футзал», Алматы), алаң ойыншылары — Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Тимур Мырзабаев, Николай Пенгрин мен Әсет Жақсыбаев (барлығы — «Қайраттан»), Қайрат Күлбараков пен Асылбек Мұхамедияров (екеуі де — «БТА — Футзал), Шыңғыс Есенаманов, Михаил Першин, Александр Довгань және Роман Шорин (барлығы — қарағандылық «Тұлпардан»), Сүндетқали Мамаев пен Николай Казаков («Өзенмұнайгаз», Жаңаөзен), Данияр Кенжеғұлов пен Николай Казаков (екеуі де — «СКА-Юг», Тараз).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера