Халықаралық волейбол федерациясының рейтингінде Қазақстанның орны - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық волейбол федерациясының рейтингінде Қазақстанның орны

Халықаралық волейбол федерациясының рейтингінде Қазақстанның орны

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) ұлттық құрамалардың қаңтар айындағы рейтингін жариялады. ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның әйелдер құрамасы 129 елдің арасында 30-шы, ерлер құрамасы 141 елдің арасында 47-ші орынға көтерілді. Бұған дейін 2012 жылғы тамыз айындағы соңғы рейтингте әйелдер 32-ші, ерлер 48-ші сатыда тұрған еді.

  • 24 Қаңтар 2013
  • 357
Фото - Caravan.kz

Ал әйелдер арасындағы жастар мен жасөспірімдер құрамалары біріктірілген рейтингте 103 құраманың арасында 29-шы орнын сақтап қалды. Бозбалалар болса 112 елдің арасында 41-ден 42-ші орынға бір саты төмендеді.

Ерлер арасында Бразилия, Ресей, Италия, Польша және АҚШ, әйелдер арасында АҚШ, Бразилия, Жапония, Италия, Қытай құрамалары үздік бестіктен орын алып отыр. Ал ерлер арасындағы жастар мен жасөспрімдер арасында рейтингті Сербия, әйелдер арасындағы жастар мен жасөспрімдер рейтингісінде Қытай құрамасы көш бастап тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера