Марк Старостин - Әлем чемпионатының қола жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марк Старостин - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Марк Старостин - Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Шаңғыдан Чехияның Либерец қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Марк Старостин 30 шақырымдық скиатлон бәсекесінде қола жүлдеге ие болды.

  • 28 Қаңтар 2013
  • 361
Фото - Caravan.kz

Скиатлон — 15 шақырымға классикалық, ал қалған 15 шақырымды еркін әдіспен жүгіру бағдарламасы. Бұл сынның алтыны мен күмісі ресейліктер Сергей Устюгов пен Евгений Беловқа бұйырды. Осы қашықтықта сынға түскен Дәулет Рақымбаев 42 орыннан көрінді.

23 жасқа дейінгі жастар. Скиатлон. 30 шақырым. 1. Сергей Устюгов — 1:11.37,1. 2. Евгений Белов (екеуі де — Ресей) — 2,5. 3. Марк Старостин (Қазақстан) — + 32,4.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Чехиядағы жарыста Анастасия Слонова күміс жүлдеге ие болған еді,- деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.