Бендиден әлем чемпионатын еліміздің құрама командасы жеңіліспен бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бендиден әлем чемпионатын еліміздің құрама командасы жеңіліспен бастады

Бендиден әлем чемпионатын еліміздің құрама командасы жеңіліспен бастады

Қазақстанның құрама командасы Швецияның астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші матчында Ресейден 4:6 есебімен ұтылды,

  • 28 Қаңтар 2013
  • 405
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстандықтар ойында есепті бірінші болып ашты, бұл тұрғыда Вячеслав Бронников ерекшеленді. Ресейліктер де дес бермей, Евгений Иванушкин есепті еселеді. Матч барысында Александр Насонов есепті теңестірді. Алайда үзіліске дейін Ресей құрама командасының хоккейшілері қазақстандықтардың қақпасына екі рет доп кіргізді.

Екінші таймның басында Иванушкин хет-трикті орындады. Қазақстандықтар еселенген есепті қайта теңестірді, бұл жолы Насонов ерекшеленді. Алайда матч барысында Рязанцев екі рет допты қақпаға дәл бағыттап, басып озды.

19 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де өтетін келесі матчта Қазақстан Швецияның командасымен кездеседі.

Бенди. Әлем чемпионаты. Швеция
Ерлер. 1-ші тур:
Ресей — Қазақстан — 6:4;
Швеция — Финляндия — 5:3;
Норвегия — Беларусь — 5:2.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера