«Алматы» мен «Қарағанды» арасындағы бұл кездесу 0:3 есебімен аяқталды. Алғашқы турда 3:0 есебімен басым түскен алматылықтар, екінші турда жіберген (1:3) есесін қайтара алмады. Алматылықтарды ойсырата ұтып (25-20, 25-23, 25-13) 3 ұпай олжалаған қарағандылықтар 11 ұпаймен турнирдің 4-ші сатысына қайта көтерілді. Бір ойыны кем олар енді алматылықтарды жеткізбей кетуге мүмкіндігі бар. Қарағандылықтар бүгін турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Талдықорғанның «Жетісу», ал ертең екініш сатыда тұрған «Астана» волейболшыларымен күш сынаспақ. Қарағандылықтар бұл екі ойында жеңіліс тапса да, алматылықтар ел чемпионатында 2011 жылдан бері жеңіліссіз келе жатқан талдықорғандықтармен болатын ақырғы кездесуінде 3 ұпай олжалауға дәрмені жетпейтін тәрізді.