Шағын футболдан «Қайрат» командасы мен ұлттық құрама арасында жолдастық кездесулер өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шағын футболдан «Қайрат» командасы мен ұлттық құрама арасында жолдастық кездесулер өтті

Шағын футболдан «Қайрат» командасы мен ұлттық құрама арасында жолдастық кездесулер өтті

-Бразилиялық Жоао Карлос Барбоза жаттықтыратын шағын футболдан Қазақстан ұлтық құрамасы Алматыда 20-27 қаңтар күндері оқу жаттығу жиынын өткізді.

  • 28 Қаңтар 2013
  • 428
Фото - Caravan.kz


Оған бас бапкер «Қайрат» командасынан — 8, «Тұлпар» командасынан — 4, «БТА Футзал» командасынан — 3, «ӨзенМұнайГаз» бен «СКА-ЮГ» командаларынан екі-екі ойыншыдан шақырған болатын. Олар 24 қаңтар күні жолдастық кездесуде Алматының «Қайрат» командасынан 1:7 есебімен ойсырай ұтылды. Ал қарымта кездесуде 1:3 боп жеңілді. Бұл сайыста құрама сапынан Виталий Александров («Қайрат») пен Михаил Першин («БТА Футзал») алматылықтардың қақпасынан саңылау таба алды.