Алғашқы турда Теміртаудың «АМТ Спартак» командасының негізгі құрамы «Улар», «Алай-Датка» мен өзінің жасөспірімдер құрамасын 3:0, ал «Намыс» пен «Салим-Алик» командаларын 3:1 есебімен ұтты. Жасөспірімдер болса «Алай-Датка» мен «Салам-Аликке» 1:3, ал өзге командаларға 0:3 боп ұтылды.
«Бірінші рет турнирге биыл шекарадан тыс жердегі командалар қатысуда. Мұндай қадамға біз өз волейболшылармыздың шеберлігіне алаңдағандықтан баруға мәжбүр болдық. Негізгі мақсат сәуір айында Стамбулда өтетін түркітілдес елдердің чемпионатына ойыншыларды іріктеу», — дейді Қырғыз Республикасының волейбол федерациясының Бас хатшысы Кылычбек Сарбагишев.