Алматылық тастаяқшы «Құрастырмалы пирамидадан» ел чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық тастаяқшы «Құрастырмалы пирамидадан» ел чемпионы атанды

Алматылық тастаяқшы «Құрастырмалы пирамидадан» ел чемпионы атанды

Семей қаласында 23-27 қаңтар күндері бильярд спортының «Құрастырмалы пирамида» түрінен XXXVIII Қазақстан чемпионаты өтті.

  • 29 Қаңтар 2013
  • 434
Фото - Caravan.kz


«Алтын-Орда» бильярд клубында болған бұл дүбірлі додаға 72 спортшы қатысқан еді. Тартысты өткен жарыста ақтық сында тараздық Максим Панды 6:3 есебімен ұтқан алматылық халықаралық дәрежедегі спорт шебері Эмиль Мударисов чемпион атанды. Қызылордалық Рахат Омаров пен қарағандылық Алмас Мұсабаев 3-ші орынды өзара бөлісті. Үздік сегіздікке сондай-ақ, семейлік Азамат Ілдербаев, астаналық Ерлан Әбілдаев, теміртаулық Медет Тұяқов пен қостанайлық Никита Цисельский енді.