«Қайсар» клубының спорттық директоры Әбіл Қалымбетов өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайсар» клубының спорттық директоры Әбіл Қалымбетов өмірден озды

«Қайсар» клубының спорттық директоры Әбіл Қалымбетов өмірден озды

Қазақстанның даңқты футболшыларының бірі, Қызылорданың «Қайсар» командасы сапында 20 жыл уақыт өнер көрсеткен, клубтың қазіргі спорттық директоры, жаттықтырушы және белгілі қоғам қайраткері Әбіл Қалымбетов 64-ке қараған шағында өмірден озды.

  • 30 Қаңтар 2013
  • 422
Фото - Caravan.kz

Ә. Қалымбетов футболға шын берілген нағыз қайраткер еді. Футбол алаңынан ойыншы ретінде жасы қырыққа жақындағанша кетпеген ол барлық футболшылық мансабын бір ғана командаға — Қызылорданың «Қайсарына» арнады. Бұдан бөлек, тағы 13 жыл осы жасақтың жаттықтырушы болып қызмет атқарды. Күллі саналы ғұмырын футболға арнаған Әбіл Арынұлын сондықтан да алаңдағы әріптестері ойыншы кезінде-ақ «Полковник» деп атаушы еді. Бұл лақап атты ол жас футболшыларды алаңда сауатты да тәртіппен ойнауға үйреткен қасиеті үшін алып еді. Оның даңқы сол жылдары Қазақстан ғана емес, Кеңес Одағының түкпір-түкпіріне де естілген болатын. Енді сондай абзал адам арамызда жоқ.

Ол бар болғаны 3-4 ай ғана ауырды.

Қызылорда жұртшылығы Әбіл Қалымбетовті ертең ақырғы сапарға шығарып салады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера