Астанада Елбасы жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасы жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді

Астанада Елбасы жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді

Астанада маусым айында Елбасы жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді.

  • 31 Қаңтар 2013
  • 375
Фото - Caravan.kz

4 ақпан күні «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мәжіліс залында қазақ күресінен Ұлт Көшбасшысы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің үшінші маусымының ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.

Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәслихатына ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының басшылары қатысады.

Маусым айында қазақ күресінен өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирі осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Іріктеу сындары 1 ақпаннан 10 мамырға дейін еліміздің барлық аймағында жүргізіліп, үздік балуандар Астана төрінде өтетін финалға жолдама алады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера