Еске салсақ, Masters санатындағы сайыс өз карьераларын тамамдаған кәсіби спортшылар және екі жыл бойы ресми жарыстарға қатыспай келген спортшылар арасында өткізіліп келеді. Бұл туралы «Алау» мұз айдыны спорт кешенінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Masters санаты бойынша коньки жарысына Қазақстан атынан жерлесіміз спринтерлі көпсайыстан әлемнің абсолютті чемпионы Анжелика Гаврилова мен спринтерлі көпсайыстан әлем чемпионы, 1000 және 1500 қашықтықтағы конькимен жүгіруден әлем рекордшысы Владимир Костин қатысатын болады. Сондай-ақ, айтулы шараға Олимпиада ойындарының үш дүркін қатысушысы Радик Бикчантаев пен КСРО қарулы күштерінің арасындағы чемпионы Александр Гаврилов та өтініш берген. Бұдан бөлек, турнирге Қазақстан коньки тебу федерациясының президенті Василий Крылов пен құрметті президент Болат Жамішев қатыспақ.
Бұдан бөлек, аталған шарамен қатар «Алау» кешенінде коньки тебу спортынан Қазақстан жастар чемпионаты мен Қазақстан кубогы сарапқа салынатын болады.