Қазақстандық спортшылар Бүкіләлемдік қысқы арнайы олимпиада ойындарында 10 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық спортшылар Бүкіләлемдік қысқы арнайы олимпиада ойындарында 10 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль еншіледі

Қазақстандық спортшылар Бүкіләлемдік қысқы арнайы олимпиада ойындарында 10 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль еншіледі

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Бүкіләлемдік қысқы арнайы олимпиада ойындары (Special Olympics World Games) өтті.

  • 5 Ақпан 2013
  • 418
Фото - Caravan.kz

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының хабарлауынша, қазақстандықтар бұл байрақты бәсекеге 7 спорт түрі бойынша қатысқан болатын. 10 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль олжалаған спортшыларымызды бүгін түнгі 21:55-те Алматы әуежайында күтіп алады.

Еске сала кетсек, қазақстандық команда былтырғы олимпиада ойындарында 10 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль иеленген болатын.