Футбол: «Ақжайық» құрамында босниялық ойыншы Э.Пехлич сыннан өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: «Ақжайық» құрамында босниялық ойыншы Э.Пехлич сыннан өтеді

Футбол: «Ақжайық» құрамында босниялық ойыншы Э.Пехлич сыннан өтеді

Кеше Анталияға екінші оқу-жаттығу жиынына аттанған Оралдың «Ақжайығы» құрамында босниялық ойыншы Эдин Пехлич өз бағын сынап көрмек.

  • 7 Ақпан 2013
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, шабуыл шебінде өнер көрсететін Э.Пехлич — «Краина» футбол клубының (Казин) түлегі. Бірнеше клубтың намысын қорғаған Эдиннің соңғы командасы — Босния және Герцеговинаның жоғары тобында ойнайтын «Вележ Мостар».

Белорус маманы Владимир Гольмактың басшылығымен жаттығып жатқан «Ақжайық» құрамына сондай-ақ легионерлер Марко Джорджевич, Неманья Джоджо, Азамат Байматов, Сергей Кондратьев, Александр Дмитриев шақырылып отыр.