Жалмағамбетов жаңа командасын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалмағамбетов жаңа командасын тапты

Жалмағамбетов жаңа командасын тапты

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Максим Жалмағамбетов жаңа командасын тапты. Алдағы маусымда бұл ойыншыны «Астана-1964» клубынан көретін боламыз, деп хабарлайды alasharena.kz сайтынан.

  • 10 Ақпан 2013
  • 511
Фото - Caravan.kz

Астана футболының 29 жасар түлегі «Астана-1964» командасының құрамын толықтырды. Соңғы жиынды Жалмағамбетов спорттық бабын сақтап тұру мақсатында осы клубта өткізді. Ал оқу-жаттығу жиынының соңында келісімшарт жасасуға келісімін берді. Келісімшарт бір жылға жарамды.

Өзінің футболшылық карьерасында Максим Жалмағамбетов «Екібастұз», «Жеңіс» (Астана), «Жастар» (Астана), «Евразия» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Ертіс» (Павлодар), «Ордабасы» (Шымкент) және «Астана» сынды клубтардың намысын қорғаған.

Тіпті шетелде де доп теуіп қайтқан. Нақтырақ айтсақ, 2008 жылы Бельгияның «Антверпен» клубында жалға ойнаған. Соңғы маусымды «Ордабасы» сапында өткізіп, 4 ойында (44 минут) бір рет ескерту алған.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 2004 жыл мен 2008 жылдың аралығында өнер көрсетті. Бас командамыздың жейдесін 29 рет киген. Жалпы, Максим ұлттық құрамада ең көп ойын өткізген футболшылардың тізімінде (1992-2012 ж) 11-орында тұр.

Ойыншының жетістіктері: «Жеңіс» сапында — Қазақстан чемпионы (2006 ж.), Қазақстан кубогының иегері (2005 ж.), «Ордабасы» сапында Қазақстан суперкубогының иегері (2012 ж.).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера