Хоккейден Қазақстанның құрама командасы Олимпиадаға өте алмай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден Қазақстанның құрама командасы Олимпиадаға өте алмай қалды

Хоккейден Қазақстанның құрама командасы Олимпиадаға өте алмай қалды

- Хоккейден Қазақстанның құрама командасы 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиадаға қатыспайтын болды.

  • 11 Ақпан 2013
  • 339
Фото - Caravan.kz

7-10 ақпан аралығында Ригада өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша біздің спортшылар екінші орынды ғана иеленді. Бірінші орынға латвиялық хоккейшілер жайғасты, деп хабарлады Vesti.kz. Үшінші және төртінші орынды Франция мен Ұлыбритания құрама командалары иеленді.

Владимир Крикуновтың шәкірттері француздарға қарсы өткен ойында іріктеу кезеңінің бірінші матчында жеңіске жеткен болатын, ал екіншісінде Латвияның құрамасынан жеңіліс тапты. Үшінші ойында біздің спортшылар британдықтарды ойсырата жеңді.

Отандық команданың тағдыры соңғы матчта шешілді, латыштар француздарға төтеп беріп, оларды жеңді. Бұл ойында француздар жеңгенде, Қазақстан құрама командасы олимпиадалық жолдамаға ие болар еді.

Осылайша төрт жылда бір рет өтетін олимпиадаға жолдаманы Латвияның құрамасы ұтып алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера