Чехияда биатлоннан Әлем чемпионаты өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехияда биатлоннан Әлем чемпионаты өтіп жатыр

Чехияда биатлоннан Әлем чемпионаты өтіп жатыр

Биатлоннан Чехияның Нове Место қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында ертең әйелдер арасындағы жекелей сайыс болады.

  • 12 Ақпан 2013
  • 482
Фото - Caravan.kz


7 ақпандағы аралас эстафетада қазақстандық Елена Хрустелева, Дария Усанова және Ян Савицкий, Сергей Наумик 27 команданың арсынан 18-ші орынға табан тіреген болатын. Одан кейін 9 ақпанда спринттік жарыста Ян Савицкий 47-ші, Сергей Наумик 81-ші, Александр Червинков 85-ші, Александр Трифонов 112-ші, ал Дария Усанова 56-шы, Марина Лебедова 57-ші, Елна Хрусталева 75-ші, Алина Райкова 79-шы сатыдан көрінді. Жексенбі күнгі ізге түзу сайысында ерлер арасында Я.Савицкий 49-шы, әйелдер арасында Д.Усанова 54-ші, М,Лебедова 60-шы орыннан көрінген еді. Енді 14-і күні ерлер арасындағы жекелей сын өтіп, эстафетада 15-інде әйелдер, 16-сында ерлер жарыс жолына шығады. Ал 17 ақпан күні ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының ақтық масс-старт сайысы болады.