Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңді

Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Динамоны» жеңді

Бүгін астаналық «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Динамо» (Мәскеу) командасын жеңді.

  • 14 Ақпан 2013
  • 364
Фото - Caravan.kz

Ойынның бірінші кезеңінде Вадим Краснослободцев есепті ашып, «Барысты» алға шығарса, екінші кезеңде шабуылшы Брэндон Боченски қарсыластың қақпашысын қапы қалдырды. Есеп 2:0. Үшінші кезеңде Константин Руденко есепті еселеді. Ал ойынның соңғы минуттарында Талғат Жайлауов көзге түсіп, есепті 4:0-ге дейін жеткізді. «Динамо» болса, екі шайбаны қайтара білді. Алайда одан аса алмады. Қорытынды есеп — 4:2.

Осы ойынан кейін «Барыс» тағы үш ұпайға ие болып, жалпытурнирлік кестеде 9-шы орынға көтерілді. Бізде 82 ұпай бар. «Динамо» болса, өз орнын сақтап қалды. Оның еншісінде — 98 ұпай.

Айта кетейік, ақпанның 17-сі күні «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының көшбасшысы «СКА» (Санкт-Петербург) командасымен кездеседі. Ойын Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтеді.