«Астаналық» велошабандоз В. Нибали Оман турының кезеңінде 11-ші келді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астаналық» велошабандоз В. Нибали Оман турының кезеңінде 11-ші келді

«Астаналық» велошабандоз В. Нибали Оман турының кезеңінде 11-ші келді

Бүгін велоспорттан Оман Сұлтанатында Оман турының 152,5 шақырымдық 4-ші кезеңі өтеді.

  • 14 Ақпан 2013
  • 439
Фото - Caravan.kz

Алғашқы үш кезеңде «Astana Pro Team» командасынан ең жоғарғы нәтиже көрсеткен италияндық Винченцо Нибали болды. Ол 162 шақырымдық бірінші кезеңде мәре сызығын 51-ші, 146 шақырымдық екінші кезеңде 4-ші және 190 шақырымдық үшінші кезеңде 11-ші болып кесіп өтті. «Астана» командасының тағы бір велошабандозы италияндық Джакопо Гуарниери алғашқы кезеңде үздік ондықтың қатарына (10-ыншы орын) ілінген болатын, бірақ одан кейін жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады.

Жалпы бұл дүбіріл додада «Astana Pro Team» командасынан олардан басқа тағы 6 спортшы өнер көрсетуде. Олар қазақстандық Арман Қамышев пен Дмитрий Муравьев, украиндық Андрей Гривко мен Дмитрий Груздев, американдық Эван Хуффман мен словениялық Борут Бозич.