Алматылық волейболшы жігіттер ел чемпионатында жеңістер сериясын жалғастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық волейболшы жігіттер ел чемпионатында жеңістер сериясын жалғастыруда

Алматылық волейболшы жігіттер ел чемпионатында жеңістер сериясын жалғастыруда

Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында өтіп жатқан ХХI ҚР чемпионатының 3-ші турында алматылықтар жеңіліссіз келе жатыр.

  • 14 Ақпан 2013
  • 456
Фото - Caravan.kz

Турнир кестесінде 37 ұпаймен көш бастаған олар қарсыластарынан ұзап кетті. Қазір «Павлодарда» (Павлодар) — 30, «ТНКҚазхромда» (Хромтау) — 29, «Атырауда» (Атырау) — 28, «Конденсатта» (Орал) — 27, «Есіл» (Қызылжар) мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» (Өскемен) — 10 ұпай бар. Олардың арасында павлодарлықтар мен атыраулықтардың бір ойыны артық. Бүгін «ТНК Қазхром» мен «Есіл», «Алматы» мен «Конденсат», «шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Атырау» күш сынасуда. Бұған дейін қарсыластарын хромтаулықтар 3:2, 3:1 есебімен жеңсе, алматылықтар бір ойында ұтып (3:0), екіншісінде жеңіліс (2:3) тапқан болатын. Ал өскемендіктер болса 2 ойында да 3:0, 3:1 есебімен атыраулықтардан басым түскен еді.

Жалпы 8 ақпан күні басталған бұл сайыс ертең өз мәресіне жетеді. Ақтық ойында оралдықтар хромтаулықтармен, павлодарлықтар алматылықтармен, қызылжарлықтар өскемендіктермен кездеседі.