Маусымнан бастап әлем боксы шлемсіз жекпе-жекке көшпек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маусымнан бастап әлем боксы шлемсіз жекпе-жекке көшпек

Маусымнан бастап әлем боксы шлемсіз жекпе-жекке көшпек

Әлем боксы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап шлемсіз жекпе-жекке көшеді.

  • 14 Ақпан 2013
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында бүгін Астанада өтіп жатқан бокстан 4 елдің жолдастық кездесуі алдындағы баспасөз мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«АИБА шешімі бойынша 1 маусымнан бастап барлық жарыстар шлемсіз өткізілетін болады. Бұл бокстың сәнін келтіреді»,- деді Әзербайжан құрамасының бас бапкері Владимир Золоторев.

Украинаның бапкері Дмитрий Сосновский болса, жарақаттар шлем киіп ойнаса да болатындығын айтады. «Кәсіпқой боксшылар шлемсіз 12 раунд жұдырықтасады және жарақат аз. Әуесқойда небәрі 3 раунд. Жарақаттар бұрында да болатын, одан қорқудың қажеті жоқ»,- деді ол.

Айта кетейік, былтырғы жылдың караша айында өткен Қазақстан біріншілігі шлемсіз өткен еді. Кездесулердің тартысты әрі қызық болғанын көрермендер де, бапкерлер де мойындап отыр.