Ермек Тілеуовтің қатысуымен өтетін бұл жекпе-жекті «Ресей 2» телеарнасы 23 ақпан күні аАтана уақытымен 21:45-те көрсететін болады.
«Sports.kz» интернет-порталына берген сұхбатында ол өзі туралы, спорттағы жетістіктері, «Алаш Прайд» клубы, алдағы жекпе-жегі жайында сыр бөліскен.
Тараз қаласының тумасы он жыл грек-рим күресімен айналысты. Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы болды. Қазір аралас жекпе-жек ұрыс түрлерімен айналысуда.
«Мәскеу түбіндегі ұрыс» — беделді турнир, оған Америка мен Еуропаның күшті ұрыс шеберлері қатысады. Ресейлік жанкүйерлер әзірше қазақстандық жекпе-жек спортшыларын білмейді. «Осы турнирде өз өнерімді ортаға салып, біздің жерлестеріміз де осындай сайыстарға түсе алатынын көрсетсем деймін», — деді Ермек.