Теннис: Рейтингте өрлеу де, құлдырау да бар - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннис: Рейтингте өрлеу де, құлдырау да бар

Теннис: Рейтингте өрлеу де, құлдырау да бар

Әйелдер теннисi ассоциациясының ақпан айының үшiншi аптасындағы рейтингiсiнде өзгерiс бар екен. Әсiресе, қазақстандық теннисшiлерге қатысты.

  • 20 Ақпан 2013
  • 293
Фото - Caravan.kz

alasharena.kz сайтының хабарлауынша, елiмiздiң бiрiншi нөмiрлi ракеткасы саналатын Ярослава Шведова бiр апта бұрын 30-сатыда тұрған, ендi ол екi саты төмендептi. Ксения Первак 72-сатыда болатын, құлдыраған ол 84-орында тұр. Юлия Путинцева 97-сатыдан 101-ге төмендеген.

Ұпайы жоғарылаған теннисшiлерiмiз де бар. Галина Воскобоева — 107, Сесиль Каратанчева — 119, Зарина Диас 245-сатыға көтерiлдi.

Америкалық Серена Ульямс бұл аптаның рейтингiсi бойынша көш басына шықты, өткен аптада көш бастап тұрған Беларусь теннисшісі Виктория Азаренко бiр саты төмендесе, үштiктi ресейлiк Мария Шарапова түйiндеп тұр.